
ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӨМІР ҚАУІПСІЗДІГІ
Жол қозғалысы ережелерін сақтау – жол-көлік оқиғаларының алдын алудың және адам өмірін қорғаудың негізгі шарттарының бірі.
Жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтап, қауіпсіздік белдігін тағу, көлік басқару кезінде ұялы телефонға алаңдамау және жаяу жүргіншілерге жол беру қажеттігін еске саламыз.
Жаяу жүргіншілер жолды белгіленген жерден кесіп өтіп, бағдаршам сигналдарына назар аударуы тиіс. Балалардың жолдағы қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу қажет.
Жолдағы әрбір жауапты әрекет адам өмірін сақтап қалуға ықпал етеді.
Абай болыңыз! Жол ережесін сақтаңыз – өміріңізді қорғаңыз!

