ИНТЕРНЕТТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК – ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА

ИНТЕРНЕТТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК – ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА

 

Қазіргі таңда интернет күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда цифрлық мүмкіндіктермен қатар интернет-алаяқтық қаупі де артып отыр.

Бейтаныс адамдардың қоңырауларына сенбеу, банк картасының деректерін, SMS-кодтарды және құпия сөздерді ешкімге айтпау қажет. Күмәнді сілтемелерге өтпей, ақпараттың шынайылығын ресми дереккөздер арқылы тексерген жөн.

Есте сақтаңыз: сақтықтың бір сәті – қаржылық қауіпсіздіктің кепілі.