Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Заң мен тәртіп қағидаттарын сақтау арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алып, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыруға болады.
Құқықтық мәдениет ең алдымен адамның күнделікті әрекетінен көрінеді. Заң талаптарын орындау, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, өзгенің құқығы мен бостандығын құрметтеу – жауапты азаматтың басты белгілері.
Қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуда құқық қорғау органдарының қызметімен қатар, тұрғындардың белсенділігі де маңызды. Әсіресе жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, интернеттегі алаяқтықтан сақтану және жол қозғалысы ережелерін сақтау жөніндегі түсіндіру жұмыстарының маңызы зор.
Заңға құрметпен қарау әр отбасынан, әр азаматтың жеке жауапкершілігінен басталады. Тәртіп пен өзара сыйластық орныққан жерде қоғамның дамуына берік негіз қаланады.
Заңды құрметтеу – өз құқығыңды және өзгенің құқығын қорғау.

