Ұстаздар күніне орай Кеңдала ауылдық округінің әкімінің маманы Тұрсын Бекжан Тұрсынұлы мен әдіскер-нұсқаушы Мусагулова Айгуль Сайлаухановнаның ұйымдастыруымен ұстаздарға құрмет көрсетілді.
Ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбектері үшін алғыс хаттар мен гүл шоқтары табысталды.
Ұстаздық – үлкен жауапкершілік пен мейірімділікті талап ететін қадірлі мамандық. Шәкірттерінің бойына білім нәрін сеуіп, болашағына бағыт беріп жүрген барша ұстаздарға зор денсаулық, отбасыларына амандық және шығармашылық табыс тілейміз!






