ТАЗА АУЛА – ТАЗА ҚОҒАМНЫҢ КӨРІНІСІ


«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Тазалық – бір күндік науқан емес, күнделікті өмір салтына айналуы тиіс ортақ құндылық. Ауласы мен көшесін таза ұстау, табиғатты аялау, қоқысты белгіленген орындарға тастау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі қоршаған ортаға үлкен әсер етеді.
Туған өлкенің тазалығы мен көркейуі әр азаматтың белсенді қатысуынан басталады. Табиғатты қорғау – бүгінгі күннің ғана емес, келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік.