
Заң мен тәртіп – қауіпсіз әрі тұрақты қоғам қалыптастырудың басты негіздерінің бірі. Қоғамдық тәртіпті сақтау тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.
Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың заңды құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Әр азамат заң талаптарын сақтап, өз құқығы мен міндетін білуі – қауіпсіз қоғам құруға қосылған маңызды үлес. Заңға құрмет пен жауапкершілік орныққан жерде өзара сенім мен қоғамдық тұрақтылық та нығая түседі.


