ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы қоршаған ортаны қорғау мен елді мекендердің тазалығын сақтауға бағытталған маңызды жұмыстарды біріктіреді.

Туған жердің тазалығы – бір күндік науқан емес, күнделікті мәдениеттің көрінісі. Ауладан бастап көшеге, қоғамдық орындардан табиғи аумақтарға дейінгі тазалыққа әр азамат өз үлесін қоса алады.

Қоқысты белгіленген орынға тастау, табиғатты ластамау, жасыл желекті қорғау және қоғамдық орындарға ұқыпты қарау – қарапайым болғанымен, қоршаған ортаға үлкен әсер ететін әрекеттер.

Таза әрі көрікті елді мекен қалыптастыру – баршаға ортақ міндет. Өйткені қоршаған ортаның тазалығы бүгінгі күннің ғана емес, келер ұрпақтың да игілігі.