
Сағат 10:00 шамасында Талғар ауданындағы сайлау учаскелерінің бірінде дауыс беру күніне ерекше сән берген әсерлі көрініс орын алды. Аспанда қалықтаған парашютші ұшақтан секіріп, көпшіліктің көз алдында сайлау учаскесі маңына сәтті қонды.
Бұл күтпеген көрініс сайлауға келген тұрғындардың ерекше қызығушылығын тудырды. Жиналған жұртшылық парашютшінің көктен қалықтап, жерге қонуын тамашалап, ерекше әсерге бөленді.
Ұшақтан секіріп, көк жүзінде қалықтаған парашютшінің жерге қонуы сайлау күнінің қалыпты барысына ерекше серпін беріп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Осылайша, сайлау күні азаматтардың белсенділігімен қатар, есте қаларлық ерекше сәттерге де толы болуда.


