Жасыл желек – қаланың тынысы


Айналаны таза ұстаумен қатар, ағаш отырғызу мен жасыл аймақтарды көбейту – «Таза Қазақстан» жобасының басты бағыттарының бірі. Жасыл желек ауаны тазартып, қала тұрғындарына жайлы орта сыйлайды. Әрбір отырғызылған көшет – келешек ұрпаққа қалдырған бағалы мұра. Бүгінде еліміздің әр өңірінде мыңдаған түп ағаш отырғызылып, саябақтар қайта жаңғыруда. Елімізді жасыл оазиске айналдыру – әрбір азаматтың қолынан келетін іс.