Көрікті аудан – ортақ еңбектің нәтижесі

Талғар ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Тазалық шаралары барысында көшелер, аулалар, қоғамдық орындар мен елді мекендерге іргелес аумақтар қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мұндай шаралар ауданның көркін жақсартумен қатар, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Экологиялық акцияға әртүрлі сала өкілдерімен қатар аудан тұрғындары да белсенді атсалысуда. Ортақ іске жұмылған жұртшылықтың еңбегі нәтижесінде тазалық пен тәртіпке басымдық берілген көрікті қоғамдық орта қалыптасып келеді.

«Таза Қазақстан» – бір күндік науқан емес, тазалықты күнделікті өмір салтына айналдыруға бағытталған маңызды бастама. Әрбір тұрғын өз ауласы мен көшесінің тазалығына жауапкершілікпен қараса, бұл ауданның жалпы көрінісіне оң әсерін тигізері сөзсіз.