
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Талғар ауданында санитарлық тазалық және абаттандыру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Іс-шаралар барысында елді мекендердің аумақтары тазартылып, көшелер мен қоғамдық орындар ретке келтірілуде. Сонымен қатар көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамалар жүзеге асырылуда.
Аталған жұмыстарға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, тұрғындар, жастар мен еріктілер белсенді қатысып, өз үлестерін қосуда.
«Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету ғана емес, тұрғындар арасында экологиялық мәдениет пен қоғамдық жауапкершілікті қалыптастыру.
Туған өлкенің тазалығы – баршаға ортақ міндет. Сондықтан әрбір азаматтың қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауы таза әрі жайлы елді мекен қалыптастыруға мүмкіндік береді.

