
Қоғамдық қауіпсіздік – азаматтардың өмірі мен денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған маңызды мемлекеттік басымдықтардың бірі. Қауіпсіз қоғам қалыптастыруда құқық қорғау органдарымен қатар әрбір азаматтың жауапкершілігі мен белсенділігі ерекше рөл атқарады.
Қоғамдық орындарда белгіленген тәртіпті сақтау, заң талаптарын орындау, айналадағы адамдарға құрметпен қарау және қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау – қауіпсіз ортаны қалыптастырудың негізгі қағидалары. Әрбір азамат құқық бұзушылықтардың алдын алуға өз үлесін қоса алады.
Көшеде, қоғамдық көлікте немесе көпшілік жиналатын орындарда жеке қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды. Бейтаныс адамдарға жеке мәліметтерді бермеу, күмәнді заттар немесе күдікті әрекеттер байқалған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарлау қажет.
Ата-аналар балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударып, оларға қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін, жол қозғалысы қауіпсіздігін және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдарын түсіндіріп отырғаны жөн.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде тұрғындардың құқықтық сауаттылығы мен азаматтық жауапкершілігінің маңызы зор. Заң талаптарын сақтау, өзара сыйластық пен қоғамдық тәртіпті құрметтеу – тұрақты әрі қауіпсіз қоғамның негізі.
Әрбір азамат қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бейжай қарамауы тиіс. Бірлескен күш-жігер арқылы ғана қауіпсіз әрі жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыра аламыз.
Қоғамдық қауіпсіздік – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Заңды құрметтеп, тәртіпті сақтайық!

