Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ

Қоғамдағы тыныштық пен қауіпсіздік әр адамның іс-әрекетіне байланысты. Қоғамдық тәртіпті сақтау арқылы біз өзімізге ғана емес, айналамыздағы адамдарға да қолайлы орта қалыптастырамыз.

Көшеде, қоғамдық орындарда, жұмыста немесе басқа да жерлерде белгіленген тәртіпті сақтау маңызды. Біреуге кедергі келтірмеу, үлкенді сыйлау, өзгенің мүлкіне құрметпен қарау сияқты қарапайым қағидалардың өзі қоғам мәдениетін көрсетеді.

Тәртіп бар жерде қауіпсіздік те болады. Сондықтан әр азамат заң талаптарын орындап, қоғамдық тәртіпті сақтауға өз үлесін қосуы қажет. Бұл – ортақ жауапкершілік.