
Туған жердің тазалығы мен көркейуі – баршаға ортақ іс. Өзіміз тұратын көшені, ауланы және қоғамдық орындарды таза ұстау арқылы біз елді мекеніміздің көркеюіне үлес қосамыз.
Бүгінде «Таза Қазақстан» бастамасы аясында көптеген жұмыстар атқарылуда. Тазалық акциялары мен сенбіліктер барысында қоқыстар жиналып, аумақтар ретке келтіріліп, ағаштарға күтім жасалуда. Бұл жұмыстарға әртүрлі жастағы тұрғындар қатысып, өз үлестерін қосуда.
Ең маңыздысы – тазалықты тек арнайы акция кезінде емес, күнделікті өмірде сақтау. Қоқыс тастамау, табиғатты ластамау, қоғамдық орындарға ұқыпты қарау – қарапайым, бірақ маңызды әдеттер.
Таза Қазақстанды қалыптастыру әрқайсымыздан басталады. Туған жерімізге жанашырлықпен қарап, оны таза әрі көрікті ұстауға бірге атсалысайық.

