Алаяқтықтан сақ болыңыз!

Қазіргі таңда алаяқтықтың түрлері күн сайын көбейіп, жаңа тәсілдермен жасалуда. Алаяқтар азаматтардың сеніміне кіріп, жеке деректерін немесе ақшасын заңсыз иемденуге түрлі айла-тәсілдерді қолданады. Сондықтан әрбір азамат сақтық танытып, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауы қажет.

Интернет алаяқтығы кең таралған құқық бұзушылықтардың біріне айналды. Алаяқтар өздерін банк қызметкері, құқық қорғау органының өкілі немесе мемлекеттік мекеме қызметкері ретінде таныстырып, банк картасының деректерін, SMS-кодтарды немесе жеке мәліметтерді сұрауы мүмкін. Мұндай жағдайда ешбір жағдайда құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге болмайды.

Сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жалған жарнамалар, тиімді инвестиция ұсыныстары, арзан тауарлар немесе жалған қайырымдылық акциялары жиі кездеседі. Күмәнді сілтемелерге өтпей, ақпараттың шынайылығын міндетті түрде тексерген жөн.

Онлайн сауда жасау кезінде тек сенімді интернет-дүкендер мен ресми сауда алаңдарын пайдалану ұсынылады. Алдын ала толық төлем жасамас бұрын сатушының сенімділігіне көз жеткізу маңызды.

Егер сіз алаяқтардың әрекетіне тап болсаңыз немесе күмәнді қоңырау, хабарлама алған болсаңыз, әңгімені бірден тоқтатып, банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз. Уақытылы әрекет ету қаржылық шығынның алдын алуға көмектеседі.

Алаяқтықтың құрбаны болмаудың басты жолы – қырағылық пен сақтық. Жеке деректеріңізді қорғап, тексерілмеген ақпаратқа сенбеңіз және кез келген қаржылық операцияны мұқият тексеріңіз.

Қырағылық – қауіпсіздіктің кепілі. Алаяқтардың арбауына түспей, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!