
Талғар ауданында «Әділет» партиясының сайлауалды штабы «Талғар тұрғын үй» кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында еңбек жағдайы, жұмыспен қамту, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы және отандық кәсіпорындарды дамыту мәселелері талқыланды. Штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасында еңбек саласына қатысты көзделген негізгі бағыттар жөнінде ақпарат берді.
Атап айтқанда, бағдарламада 2031 жылға дейін сапалы әрі тұрақты жұмыс орындарын көбейту, еңбеккерлерді әлеуметтік қорғауды күшейту, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және еңбек қатынастарын ашық әрі заң талаптарына сәйкес жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылғаны айтылды.
Сондай-ақ отандық өндірісті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашатын кәсіпорындарды қолдау және олардың дамуына қолайлы жағдай жасау жөніндегі бастамалар таныстырылды.
Кездесу соңында кәсіпорын қызметкерлері көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.


