
Жаңа Конституцияның күшіне енуі – Қазақстанның даму тарихындағы маңызды белес. Бұл өзгерістер еліміздегі саяси жаңғыру үдерісін жаңа деңгейге көтеріп, әділетті әрі ашық қоғам құруға бағытталған реформалардың құқықтық негізін қалыптастырды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Үндеуінде Конституцияның қабылдануы мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, азаматтардың ел тағдырына белсенді қатысуына жол ашқанын атап өтті. Референдум нәтижесі халықтың бірлігі мен жауапкершілігінің жарқын көрінісі болды.
Ата заң – еліміздің тұрақтылығының, тәуелсіздігінің және құқықтық жүйесінің берік іргетасы. Оның қағидаттарын сақтау әр азаматтың парызы. Заң үстемдігі, әділеттілік, адал еңбек, қоршаған ортаға жанашырлық және қоғамдық келісім – бүгінгі Қазақстанның басты құндылықтары.
Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда. Конституцияда айқындалған қағидаттарды өмірде жүзеге асыру арқылы ғана қуатты, әділетті және өркендеген Қазақстанды бірге қалыптастыра аламыз.
» Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім және даму орталығы» Талғар аудандық бөлімінің басшысы Мухаметнур Алтыншаш Мауленқызы

