КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БІРЛІГІ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТІРЕГІ

 

Қазақстанның жаңа Конституциясының күшіне енуі – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі аса маңызды кезең. Бұл тарихи шешім мемлекетіміздің демократиялық қағидаттарға негізделген даму жолын айқындап, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған реформалардың бастамасына айналды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Үндеуінде жаңа Конституцияның елдегі түбегейлі өзгерістердің берік құқықтық негізі екенін атап өтті. Ата заңдағы жаңашылдықтар азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Конституцияның басты мақсаты – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау. Сондықтан әрбір азамат Конституция талаптарын құрметтеп, елдің өркендеуіне өз үлесін қосуы қажет.

Бірлік, әділеттілік, жауапкершілік және еңбекқорлық секілді құндылықтар қоғамның дамуына негіз болады. Осындай ұстанымдарды берік сақтай отырып, біз жаңа Қазақстанның жарқын болашағын бірге қалыптастырамыз.

 

Солтанқұлов Ахат Әлімжанұлы

Талғар аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы