
2026 жылғы 16 маусымда Қонаев қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» республикалық конкурсының Алматы облысы бойынша өңірлік кезеңінің қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
Аталған конкурс мемлекеттік қызмет көрсету саласында халықпен тікелей жұмыс істейтін мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға және үздік тәжірибелерді анықтауға бағытталған.
Конкурс барысында қатысушылар өздерінің кәсіби қызметін таныстыратын бейнероликтер ұсынып, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы тәжірибелері мен жетістіктерін көрсетті. Бағалау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдістемелік ұсынымдарына сәйкес жүргізілді. Қатысушылардың кәсіби құзыреттілігі, азаматтармен жұмыс тәжірибесі, клиентке бағдарлануы, коммуникативтік дағдылары және қызмет көрсету сапасына қосқан үлесі ескерілді.
Сонымен қатар, конкурс шеңберінде халықтық онлайн дауыс беру ұйымдастырылды. Онлайн дауыс беру нәтижелері комиссия мүшелерінің бағалау қорытындыларымен бірге қаралып, жеңімпаздарды анықтауда ескерілді.
Конкурс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар анықталды.
Бірінші орынға Мұхаметқалиев Асыл Әлиұлы ие болды. Екінші орынды Жұмаш Аяжан Қанатқызы иеленсе, үшінші орын Нәбиев Бірлік Серікұлына бұйырды.
Марапаттау рәсімі барысында жеңімпаздарға дипломдар мен арнайы марапаттар табысталды. Сондай-ақ конкурсқа қатысқан барлық үміткерлерге белсенді қатысқандары үшін алғыс хаттар берілді.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар конкурсқа қатысушылардың кәсіби деңгейіне жоғары баға беріп, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
Мұндай конкурстар мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуына серпін беріп қана қоймай, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Алматы облысы бойынша департаментінің
бас маманы Д.Әлібекқызы

