28 маусым-Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні

Талғар аудандық әкімдігі 28 маусым – Қазақстандағы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудандық газет ұжымын арнайы құттықтады.

Аудан әкімдігі атынан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне қоғамды маңызды әрі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету жолындағы қажырлы еңбектері үшін алғыс айтылып, кәсіби мерекеге арналған ізгі тілектер жеткізілді.

Құттықтау барысында журналистердің ел мен халық арасындағы ақпараттық байланысты нығайтудағы, қоғамдық пікірді қалыптастырудағы және өңірдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірін кеңінен насихаттаудағы маңызды рөлі ерекше атап өтілді.

Аудан әкімінің орынбасары Аскербеков Ануар Жанболатұлы газет ұжымына шығармашылық шабыт, кәсіби табыс, тың бастамалар, мықты денсаулық пен отбасылық амандық тілеп, қаламдарыңыз ұшталып, ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын деген ізгі ниетін білдірді.