АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

Қазіргі қоғамда алаяқтықтың түрлері күн сайын өзгеріп, жаңа тәсілдермен жасалуда. Алаяқтар азаматтардың сеніміне кіріп, олардың ақшасын иемдену немесе жеке мәліметтерін заңсыз пайдалану мақсатында түрлі айла-шарғыларға барады. Әсіресе телефон қоңыраулары, әлеуметтік желілер мен интернет арқылы жасалатын алаяқтық фактілері жиілеп отыр.

Көп жағдайда қаскөйлер өзін банк қызметкері, мемлекеттік орган өкілі немесе таныс адам ретінде таныстырып, азаматтарды асығыс шешім қабылдауға итермелейді. Осындай жағдайда сабыр сақтап, алынған ақпаратты бірнеше рет тексеру маңызды.

Алаяқтықтың құрбаны болмау үшін жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және белгісіз тұлғалардың өтініштері бойынша ақша аудармау қажет. Қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыру да алаяқтықтың алдын алудың тиімді жолдарының бірі болып табылады.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әр азамат қырағылық танытып, заң талаптарын сақтауы тиіс. Алаяқтыққа қарсы күрес – ортақ міндет және әркімнің жауапкершілігі.

«Алаяққа алданбаңыз – ақпаратты тексеріңіз, сақтықты ұмытпаңыз!».