
Қазіргі таңда интернет алаяқтық кең таралған құқық бұзушылықтардың біріне айналып отыр. Алаяқтар азаматтардың жеке деректерін, банк карталарының мәліметтерін заңсыз иемденіп, қаржылық шығын келтіруде.
Интернет желісінде қауіпсіздікті сақтау үшін күмәнді сілтемелерге өтпеу, жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу және белгісіз нөмірлерден келген хабарламаларға сақтықпен қарау қажет. Сонымен қатар банк картасының деректерін ешкімге айтпау маңызды.
Мамандар азаматтарды қырағы болуға және алаяқтық белгілері байқалған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.
Интернет қауіпсіздігі – әр азаматтың жауапкершілігі. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы өзіңізді және жақындарыңызды алаяқтардың арбауына түсуден қорғай аласыз.
«Сақтық – интернет алаяқтықтан қорғанудың ең тиімді жолы!»

