
Сегодня принцип «Закон и Порядок» — это не просто лозунг. Это важнейшая ценность, обеспечивающая безопасность граждан, общественное спокойствие и эффективность государственного управления. Город Конаев может служить ярким примером системной работы в этом направлении.
Конституция Республики Казахстан определяет нашу страну как демократическое, светское, правовое и социальное государство. Одним из главных столпов этих принципов является верховенство закона. Соблюдение закона и порядка укрепляет стабильность в обществе и доверие граждан к государству.
Конаев — один из динамично развивающихся региональных центров. Рост численности населения, строительство новых объектов и развитие экономики требуют особого внимания к вопросам общественной безопасности. Ведь любое развитие даёт результат лишь в стабильной и безопасной среде.
Соблюдение порядка — это обязанность не только правоохранительных органов, но и каждого гражданина. Соблюдение правил дорожного движения, культура поведения в общественных местах, взаимное уважение и ответственность — вот основные показатели порядка в обществе.
В городе ведётся комплексная работа по усилению общественной безопасности. Совершенствуются системы видеонаблюдения, организуются профилактические мероприятия, проводятся регулярные встречи с жителями.
Профилактика правонарушений — один из наиболее эффективных методов работы. В этих целях проводятся различные мероприятия по повышению правовой грамотности среди молодёжи. Также уделяется особое внимание укреплению семейных ценностей и предупреждению бытовых конфликтов.
Цифровые технологии также играют важную роль в обеспечении общественной безопасности. В городе применяются современные информационные системы, совершенствуются механизмы оперативного реагирования на обращения и предложения жителей. В этом направлении ведётся совместная работа с Единым контакт-центром «109».
Институты гражданского общества также вносят весомый вклад в реализацию принципа «Закон и Порядок». Неправительственные организации, молодёжные объединения и местные сообщества активно участвуют в укреплении общественного согласия и профилактике правонарушений.
Религиозные организации принимают участие в работе по предупреждению асоциального поведения среди молодёжи и пропаганде нравственных ценностей. Это один из важных шагов в обеспечении единства и стабильности общества.
В перспективе продолжится работа по дальнейшему укреплению общественной безопасности, развитию правовой культуры и совершенствованию взаимодействия государственных органов. Приоритетом также остаётся развитие практики досудебного урегулирования споров как инструмента укрепления общественного согласия.
В заключение следует подчеркнуть: принцип «Закон и Порядок» — это основа взаимного доверия между государством и гражданином. Обеспечение общественного порядка и верховенства закона — наша общая обязанность. Там, где есть единство и ответственность, есть и стабильность, и развитие.
Тимур Байболсынович АКМУРЗАЕВ,
заместитель акима города Конаев
Заң мен Тәртіп – тұрақты қоғамның негізі
Бүгінгі таңда «Заң мен Тәртіп» қағидаты жай ғана ұран емес. Бұл – азаматтардың қауіпсіздігін, қоғамдық тыныштықты және мемлекеттік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ететін маңызды құндылық. Қонаев қаласы осы бағыттағы жүйелі жұмыстың жарқын үлгісі бола алады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізді демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде айқындайды. Осы ұстанымдардың басты тіректерінің бірі – заңның үстемдігі. Заң мен тәртіптің сақталуы қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтады.
Қонаев қаласы қарқынды дамып келе жатқан өңірлік орталықтардың бірі. Халық санының өсуі, жаңа нысандардың салынуы және экономиканың дамуы қоғамдық қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударуды талап етеді. Өйткені кез келген даму тұрақты әрі қауіпсіз ортада ғана нәтижелі болады.
Тәртіп сақтау – тек құқық қорғау органдарының емес, әрбір азаматтың міндеті. Жол қозғалысы ережелерін сақтау, қоғамдық орындардағы мәдениеттілік, өзара сыйластық пен жауапкершілік қоғамдағы тәртіптің негізгі көрсеткіштері болып табылады.
Қалада қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бейнебақылау жүйелері жетілдіріліп, профилактикалық шаралар ұйымдастырылып, тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізілуде.
Заң бұзушылықтың алдын алу – ең тиімді тәсілдердің бірі. Осы мақсатта жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Сонымен қатар отбасылық құндылықтарды нығайтуға және тұрмыстық жанжалдардың алдын алуға ерекше көңіл бөлінуде.
Цифрлық технологиялар да қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Қалада заманауи ақпараттық жүйелер қолданылып, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына жедел жауап беру тетіктері жетілдірілуде. Бұл бағытта қалада тұрғындардың өтініштерін қабылдап, жедел ден қоюды қамтамасыз ететін 109 Бірыңғай байланыс орталығы тиімді жұмыс істеуде.».
«Заң мен Тәртіп» қағидатын жүзеге асыруда азаматтық қоғам институттарының да үлесі зор. Үкіметтік емес ұйымдар, жастар бірлестіктері және жергілікті қауымдастықтар қоғамдық келісімді нығайтуға және құқық бұзушылықтың алдын алуға белсенді атсалысып келеді.
Діни ұйымдар да жастарды теріс әрекеттерден сақтандыруға, адамгершілік құндылықтарды насихаттауға бағытталған жұмыстарға қатысуда. Бұл – қоғамның бірлігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды қадамдардың бірі.
Алдағы уақытта қоғамдық қауіпсіздікті одан әрі күшейту, құқықтық мәдениетті дамыту және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жетілдіру жұмыстары жалғасын табады. Сондай-ақ дауларды сотқа дейін реттеу тәжірибесін дамыту арқылы қоғамдық келісімді нығайтуға басымдық беріледі.
Қорытындылай келе, «Заң мен Тәртіп» қағидаты – мемлекет пен азамат арасындағы өзара сенімнің негізі. Қоғамдық тәртіп пен заңның үстемдігін қамтамасыз ету – баршамызға ортақ міндет. Бірлік пен жауапкершілік болған жерде тұрақтылық пен даму да болады.
Тимур Байболсынович Ақмұрзаев
Қонаев қаласы әкімінің орынбасары

