АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ

АРДАГЕРЛЕРІНЕ 5 МИЛЛИОН (10 МЫҢ ДОЛЛАРДАН АСТАМ) ТЕҢГЕДЕН ТӨЛЕНДІ

 

Алматы облысында Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 5 миллион теңгеден біржолғы әлеуметтік төлем беріледі. Яғни, әр ардагерге 10 мың АҚШ долларынан тиесілі. Өңірде сұм соғысты көзбен көрген 4 майдангер бар. Олардың ең үлкені – 103 жастағы Тәңірберген Толғанбаев. Іле ауданының тұрғыны 1942 жылы соғысқа аттанып, Сталинград шайқасына қатысқан. Ал, Ұйғыр ауданының 102 жастағы тұрғыны Алим Кебиров Белорусь шайқасында Белгород қаласын азат етуге қатысып, жараланған. Соған қарамастан 1943 жылы майдан даласына қайта оралып, Украина жерінде соғысқан. Еңбекшіқазақ ауданында тұратын Солтанбай Жарықбасов қазір 101 жаста. Облысымызда тұратын ардагерлердің ең кішісі қазір 98 жаста. Федор Ковалев Жамбыл ауданында тұрады. Ол 1945 жылы Жапон соғысына да қатысқан.

Отан үшін отқа түскен ардагерлерге Алматы облысы әкімдігі тарапынан жүйелі түрде қолдау көрсетіліп келеді. Атап айтқанда, олардың тұрмыстық және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған қолдау жүйелі түрде көрсетіліп келеді. Сонымен қатар, биыл соғыс зардабын көрген ардагерлердің шипажайда уақтылы ем алып, денсаулығын нығайтуы үшін бюджеттен 1,2 миллион теңге бөлінді.

Бұдан бөлек, облыстағы 2 038 тыл еңбеккерінің әрқайсысына 64 875 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, Ленинград қаласының қоршауы кезінде еңбек еткен және тиісті марапаттарға ие болған 2 азаматқа 86 500 теңгеден біржолғы төлем қарастырылған.

Зұлматты жылдары фашистік концлагерьлерде, геттоларда және өзге де мәжбүрлі ұстау орындарында болған кәмелетке толмаған тұтқындарға да 64 875 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі.

 

Алматы облысы әкімінің

баспасөз-қызметі

 

В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ ВЕТЕРАНАМ ВЕЛИКОЙ ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ВОЙНЫ ВЫПЛАЧЕНО ПО 5 МИЛЛИОНОВ (СВЫШЕ 10 ТЫС ДОЛЛАРОВ) ТЕНГЕ  

 

В Алматинской области в преддверии Дня Победы ветеранам Великой Отечественной войны будет выплачена единовременная социальная помощь в размере 5 миллионов тенге каждому. То есть каждый ветеран получит около 10 тысяч долларов США. В настоящее время в регионе проживают 4 ветерана, участвовавших во Второй мировой войне. Самому старшему из них Танирберген Толганбаеву — 103 года. Он ушёл на фронт в 1942 году и участвовал в Сталинградской битве. А 102-летний житель Уйгурского района Алим Кебиров участвовал в освобождении города Белгород в ходе Белорусской битвы и был ранен. Несмотря на это, в 1943 году он вернулся на фронт и воевал на территории Украины. Солтанбай Жарықбасов, проживающий в Енбекшиказахском районе, сейчас ему 101 год. Самому младшему из ветеранов, проживающих в нашей области, сейчас 98 лет. Фёдор Ковалев живёт в Жамбылском районе. Он также участвовал в войне с Японией в 1945 году.

Ветеранам, прошедшим через огонь войны во имя Родины, со стороны акимата Алматинской области регулярно оказывается поддержка. В частности, систематически предоставляется помощь, направленная на улучшение их бытовых и социальных условий. В целях своевременного получения лечения в санаториях и укрепления здоровья в этом году из бюджета выделено 1,2 миллиона тенге для ветеранов,.

Кроме того, 2 038 тружеников тыла в области получат единовременную социальную помощь в размере 64 875 тенге каждому. Также двум гражданам, работавшим во время блокады Ленинграда и имеющим соответствующие награды, предусмотрены единовременные выплаты по 86 500 тенге каждому.

Несовершеннолетним узникам, которые в годы трагедии находились в фашистских концлагерях, гетто и других местах принудительного содержания, также будет предоставлена единовременная социальная помощь в размере 64 875 тенге.

 

 

Пресс-служба

акима Алматинской области

 

Қосымша ақпарат:

 

   

Алматы облысындағы жасы ең үлкен ардагер – Іле ауданының тұрғыны, 103 жастағы Тәңірберген Толғанбаев. Ол қан майданға 1942 жылы аттанып, Сталинград шайқасына қатысқан.

 

   

102 жастағы Алим Кебиров 1942-1943 жылдары Белоруссия майданында соғысып, Белгород қаласын азат ету кезінде жараланған. Соған қарамастан қайтадан майданға оралып, 1943-1944 жылдары Украина майданында шайқасқан.

 

   

Еңбекшіқазақ ауданының 101 жастағы ардагері Солтанбай Жарықбасов 1943 жылы әскерге шақырылып, Забайкал майданына жіберілген.

 

   

Жамбыл ауданының тұрғыны, 98 жастағы Фёдор Ковалёв 1944 жылы әскерге шақырылып, дайындықтан кейін майдан шебіне аттанған. Тіпті 1945 жылдың тамызында Кеңес-Жапон соғысына да қатысқан.

 

 

Дополнительная информация:

 

   

Самый пожилой ветеран Алматинской области — житель Илийского района, 103-летний Тангирберген Толганбаев. Он отправился на фронт в 1942 году и участвовал в Сталинградской битве.

 

 

   

102-летний Алим Кебиров в 1942–1943 годах воевал на Белорусском фронте и был ранен при освобождении города Белгород. Несмотря на это, он снова вернулся на фронт и в 1943–1944 годах участвовал в боях на территории Украины.

 

 

   

101-летний ветеран Енбекшиказахского района Солтанбай Жарықбасов был призван в армию в 1943 году и направлен на Забайкальский фронт.

 

  Житель Жамбылского района, 98-летний Фёдор Ковалёв, был призван в армию в 1944 году и после подготовки отправился на фронт. Он также участвовал в советско-японской войне в августе 1945 года.