Ұлттық спорт күні

20 Наурыз – Ұлттық спорт күні мерекесіне орай Талғар ауданы денешынықтыруды және спортты дамыту орталығы әдіскерлерінің ұйымдастыруымен Алматы облысы Талғар ауданы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Талғар ауданының спорт мекемелерінің қызметкерлері арасында эстафеталық жарыс өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында Талғар ауданы мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Фарида Мамырбекқызы, №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Қоңыратов Ербол, №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ербол Нұрсұлтанұлы, Талғар ауданының денешынықтыруды және спортты дамыту орталығының директоры Сүйіндік Қазболатұлы, «Талғар қаласындағы Андрей Кивилев атындағы велоспорт бойынша олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» КММ Третьяков Сергей Геннадьевич және де Алматы облысының қысқы спорт мектебінің директоры Жаханша Қорлан сөз сөйлеп, жарысты ашық деп жариялады.