ТАЛҒАР АУДАНЫНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Бүгін Талғар аудандық Мәдениет үйінде «Заң мен тәртіп» тақырыбында жастар форумы өтті.

Іс-шараға Талғар ауданы әкімінің орынбасары Айбек Дүйсембекұлы қатысып, жастарға бағытталған маңызды мәселелер бойынша кіріспе сөз сөйледі.

Форум барысында құқықтық тәртіпті сақтау, нашақорлықтың алдын алу, киберқауіпсіздік және жастар тәрбиесі тақырыптары кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, сала мамандары мен құзырлы орган өкілдері өз баяндамаларын жасап, қатысушылармен пікір алмасты.

Шараның басты мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға құрметті арттыру және қоғамдағы өзекті мәселелердің алдын алу.

📌 Форум соңында қатысушылар сұрақ-жауап алмасып, естелік суретке түсті.