«Мемлекет заңдарына құрмет» тақырыбында кездесу өтті

Талғар ауданында «Мемлекет заңдарына құрмет» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараға аудандық Аналар кеңесінің мүшелері, аналар мен жастар қатысып, қоғамдағы өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Кездесу барысында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға құрмет, азаматтық жауапкершілік және тәртіп мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.

Шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметті қалыптастыру және қоғамдағы тәртіп пен жауапкершілікті нығайту.

Осындай кездесулер өскелең ұрпақтың саналы, заңға құрметпен қарайтын азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.