КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ «АЯЛА» ТАЛҒАР АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КММ-НІҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Талғар ауданындағы «Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының КММ-нің ұжымымен өткен кездесуде жаңа Конституция жобасының құқықтық жаңашылдықтары талқыланды.

Коалиция мүшелері 21-бапта азаматтардың жеке өмірге қол сұғылмау құқығы, жеке және отбасы құпиясы, сондай-ақ цифрлық технологияларды қолдануды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан және пайдаланудан қорғау кепілдігі бекітілетінін атап өтті.

«Цифрлық дәуірде азаматтардың дербес деректерін қорғау – аса маңызды мәселе. Жаңа Конституция бұл норманы Негізгі заң деңгейінде бекітіп отыр. Бұл медициналық ақпараттың, пациент құпиясының және жеке мәліметтердің қорғалуын күшейтеді», – деді коалиция мүшесі Жақсылықұлы Бақтияр.

Кездесу барысында медицина қызметкерлері цифрлық қауіпсіздік пен құқықтық кепілдіктер жөнінде пікір алмасты.