
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының өкілдері Талғар ауданындағы орталық аурухана ұжымымен кездесіп, референдумның маңызын түсіндірді.
Коалиция мүшелері референдум – тікелей демократияның жоғары көрінісі екенін және бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданған шешімдердің жоғары заңды күшке ие болатынын атап өтті.
«Референдум – азаматтардың мемлекеттің негізгі мәселелері бойынша шешім қабылдауға тікелей қатысу мүмкіндігі. Бұл – билік пен қоғам арасындағы сенімді нығайтатын тетік. 15 наурыз – елдің құқықтық болашағын айқындайтын тарихи кезең», – деді коалиция мүшесі Нұрдаулетов Сұлтан.
Кездесу соңында медицина қызметкерлері алдағы дауыс беруге белсенді қатысуға шақырылды.

