
КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ №2 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!»
коалициясының мүшелері Талғар ауданындағы №2 орта мектебінің
педагогикалық ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасының саяси
реформаларын таныстырды.
Кездесуде болашақ бір палаталы Құрылтайдың толық құрамы
пропорционалды сайлау жүйесі арқылы қалыптастырылатыны және заң
шығару билігі толығымен сайланған депутаттардың құзыретінде болатыны
айтылды.
«Бір палаталы Құрылтай – бұл жай атау өзгерісі емес. Бұл – заң шығару
үдерісін барынша ашық әрі түсінікті етуге бағытталған құрылымдық реформа.
145 депутат толықтай сайлау арқылы қалыптасады. Президент депутаттарды
тағайындау құқығынан айырылады. Бұл заң шығарушы органның тәуелсіздігін күшейтіп, саяси жауапкершілікті нақтылайды», – деді коалиция мүшесі Сембаев Амангелді.
Кездесу барысында ұстаздар сұрақ қойып, жан-жақты жауап алды.


