Талғар ауданы полиция басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері мемлекеттік қызметшілерге сталкинг және отбасылық зорлық-зомбылық тақырыптарында профилактикалық сабақ өткізіп, зорлық-зомбылықтың түрлері мен олар үшін көзделген заңды жауапкершілікті түсіндірді.
Іс-шара құқық бұзушылықтың алдын алуға және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған.