Талғар аудандық Полиция басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшенің қызметкерлері, жастар ресурстық орталығының маманымен бірлесіп, медициналық колледж студенттері мен Талғар қаласының тұрғындарына «Сталкинг: оны қалай тануға және алдын алуға болады» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында қатысушылар сталкингтің белгілері, оның салдары және оған қарсы тұру жолдары туралы ақпарат алды.
Егер сіз қудалауға тап болсаңыз, үнсіз қалмаңыз – 102 нөміріне хабарласыңыз