2026 жылдың 13 ақпан күні Бесағаш ауылдық округінде «Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік өзгерістер» тақырыбында Жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – қоғамдағы әлеуметтік өзгерістердің мән-маңызын түсіндіру, Жаңа Конституция жобасында көзделген бастамалармен таныстыру және тұрғындардың пікірін тыңдау болды.
Кездесу барысында елдегі әлеуметтік саясаттың жаңғыруы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау мәселелері кеңінен қозғалды. Қатысушылар Конституция жобасына қатысты ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.



