2026 жылдың 12 ақпан күні Талғар ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Талғар қаласында «Кеңес» жобасы аясында «Жастарға ақпарат» атты мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстары өткізілді.

2026 жылдың 12 ақпан күні Талғар ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Талғар қаласында «Кеңес» жобасы аясында «Жастарға ақпарат» атты мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстары өткізілді.

🔹 Іс-шараның негізгі мақсаты – ауыл жастарына мемлекеттік қолдау тетіктерін, жастарға арналған бағдарламалар мен мүмкіндіктерді кеңінен таныстыру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және әлеуметтік белсенділігін көтеру болды. Сонымен қатар, кездесуде елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың мазмұны мен маңызы түсіндіріліп, олардың жастар үшін беретін мүмкіндіктері мен құқықтық кепілдіктері туралы ақпарат берілді.

📍 Түсіндіру жұмыстары Талғар қаласында орналасқан «Алпина» сауда орталығында жүргізілді. Сауда орталығына келуші жастармен тікелей байланыс орнатылып, оларға «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы», «Бизнес бастау», «Ұлттық жобалар» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық кеңестер ұсынылды. Сондай-ақ конституциялық өзгерістердің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, әділетті әрі ашық қоғам қалыптастыруға бағытталғаны атап өтілді.

👥 Іс-шара барысында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, ақпараттық парақшалар таратылып, байланыс арналары ұсынылды.

🗣️ Түсіндіру жұмыстарын Жастар ресурстық орталығының маманы А. Сембек жүргізіп, жастарға бағдарламалар мен реформалар жөнінде толық әрі түсінікті ақпарат берді.

🌱 Аталған бастама ауыл жастарының мемлекеттік бағдарламаларға қолжетімділігін арттыруға, олардың құқықтық сауаттылығын нығайтуға және кәсіби әрі әлеуметтік дамуына ықпал етуге бағытталған маңызды қадам болды.