Конституциялық реформа – қоғамдық сұранысқа негізделген жүйелі өзгеріс

Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформа мемлекеттің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды кезең болып табылады. Бұл өзгерістер қоғамда ұзақ уақыт бойы қалыптасқан сұраныстарды, азаматтардың басқару жүйесіне, әділеттілік пен ашықтыққа деген талаптарын ескере отырып қабылданды.

Қоғам белсенділері реформаның негізгі мақсаты – Конституцияның халыққа қызмет ету қағидатын нақты іске асыру деп санайды. Билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта қарау, басқару жүйесіндегі тепе-теңдікті қамтамасыз ету мемлекет тұрақтылығы үшін маңызды шарт болып табылады.

Аталған өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған құқықтық механизмдерді күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қоғамдық сенімді арттырып, саяси мәдениеттің жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етеді.

Шағанбаев Еркебұлан Қызырханұлы Талғар жоғары медициналық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары