Конституциялық өзгерістер – қоғам дамуының заңды нәтижесі. Бүгінгі Комиссия отырысы халықтың мемлекетке деген сенімін арттыруға бағытталған нақты қадамдардың бірі болып отыр.
Соңғы жылдары азаматтар әділдікке, теңдікке және ашық басқаруға деген сұранысын ашық білдіре бастады. Конституциялық комиссия осы талаптарды ескеріп, заңнамалық негізде жүйелі шешімдер ұсынуды мақсат етеді.
Тікелей эфир арқылы көрсетілуі – халық пікірінің маңызды екенін көрсететін саяси мәдениеттің жаңа деңгейі.
Сермаханова Мария Тағыбергенқызы
Талғар ауданы Жастар ресурстық орталығының маманы







