Ел тағдыры талқыланған маңызды күн

Ел тағдыры талқыланған маңызды күн

Бүгін Қазақстан үшін айрықша маңызы бар саяси оқиға өтуде – Конституциялық реформа жөніндегі Комиссияның кезекті отырысы. Бұл жиын ел болашағына тікелей әсер ететін тарихи шешімдер қабылданатын алаң ретінде бағаланады.
Конституция – мемлекеттің тірегі, халықтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Сондықтан оған енгізілетін әрбір өзгеріс қоғам тарапынан терең ой елегінен өткізілуі тиіс. Осы тұрғыда Комиссия жұмысы – мемлекет пен халық арасындағы жауапты диалогтың көрінісі.
Отырыстың тікелей эфирде көрсетілуі – биліктің ашықтыққа бет бұрғанының айқын дәлелі. Әрбір азамат ел тағдырына қатысты талқылауларды өз көзімен көріп, маңызды өзгерістердің қалай қабылданып жатқанын бақылауға мүмкіндік алуда.

 

Әділ Қазбек Қаныбекұлы Тұздыбастау ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы