Сізді Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі қатарында әскери борышыңызды өтеуге шақырамыз. Шекара қызметіне іріктеу жұмыстары Алматы облысының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелерінде 19 қаңтардан бастап жүргізілуде. Ал 1 наурыздан бастап әскери қызметке шақыру науқаны басталады. Біздің қатарымызға қосыла отырып, сіз Алатау аясында, табиғаттың қойнауында қызмет атқарасыз. Шекара шебінде қызмет ету – әркімге бұйыра бермейтін үлкен мәртебе. Шекара қызметі бұл – сіздің келешегіңіз үшін үлкен мүмкіндік.
Әскери қызметін өтеген сарбаздарға:
- еліміздің жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдіктер қарастырылған;
- Қазақстан, Ресей және Түркияның әскери академияларына тегін түсуге мүмкіндік беріледі;
- қызметті келісімшарт негізінде жалғастыруға болады. Біз сізді күтеміз, болашақ Отан қорғаушы! Шекарашы бол – ел шебін қорға!
Мекен жайымыз: Талғар ауданы ҚІЖ бөлімі.
Тел: +7 776 223 5009, +77782202080.







