Сәлем достар!
📍Бүгін Алматы облысында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Stop corruption» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
📌 Іс-шара аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Мухамедияров Дархан Нуртилеуұлы жастармен ашық форматта кездесу өткізді.
🖇️ Кездесу барысында адалдық қағидаттары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ этикалық құндылықтарды нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.


Шараның негізгі мақсаты – жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру, азаматтық жауапкершілігін арттыру және қоғамда адалдық пен әділдік қағидаттарын дәріптеу.
Кездесу сұрақ-жауап форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарға нақты жауап алды.







