Татулықтың тірегі – Ана

Татулықтың тірегі – Ана

Аналар кеңесінің қоғамдық рөлі – тек тәрбие мен мәдениетті насихаттаумен шектелмейді. Олар жастарды рухани байытуға, қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосып келеді. Бұл – шынайы патриотизмнің көрінісі. Бұл туралы Талғарда өткен «Татулықтың тірегі – Ана» тақырыбында жиында айтылды. Талғар ауданындық әкімдігінің кіші мәжіліс залында отбасындағы тұрақтылықты, қоғамдағы бірлікті, ұрпақ тәрбиесін қолдауға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің жылдық қорытынды отырысы өтті. Іс-шараның мақсаты – Аналар кеңесінің 2025 жылғы  жұмысын саралау, қоғамдағы аналардың рөлін күшейту және этносаралық келісім мен отбасы құндылықтарын насихаттау.

Шараға арнайы қонақ ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Гүлнар Сағатқызы Жошыбаева, Талғар ауданы аумағындағы аудандық және ауылдық округтердегі Аналар кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, сондай-ақ аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағалары мен мүшелері, Аналар мен Ақсақалдар кеңесінің жұмысын үйлестіруші мамандар қатысты. Татулықтың тірегі – Ана. Отбасы берік болса, қоғам да берік. «Татулықтың тірегі – Ана» тақырыбында аудандық Аналар кеңесінің қорытынды отырысына Талғар ауданы әкімінің орынбасары Айбек Дүйсембекұлы Бидаев төрағалық етті.

«Құрметті Аналар кеңесінің мүшелері, қадірлі қонақтар! Аналар әрқашан қоғамның рухани діңгегі, адамгершілік бастауы. Сондықтан Аналар кеңесінің жұмысы – Талғар ауданы үшін үлкен мәнге ие» – деді Айбек Дүйсембекұлы өз сөзінде.

Аналар кеңесі – отбасы құндылығын нығайтады

Алғашқы сөз Талғар ауданы Аналар кеңесін басқарып, бірқатар ауқымды жұмыстар атқарған Айтжамал Әбдірешқызы Нұрбатыроваға берілді. Аналар кеңесінің төрайымы Айтжамал Әбдірешқызы  Талғар аудандық Аналар кеңесі ауданға қарасты барлық ауылдық округте өз жұмыстарын жалғастырып отырғандығын атап өтті. Аналар кеңесінің құрамына түрлі ұлт пен кәсіп өкілдерінен құралған аналар бар екендігін де жеткізді. Аналар кеңесі құрылған жылдан бері бала тәрбиесіне атсалысып келеді. Талғар ауданы бойынша  бір қала он ауылдық округта аналар кеңесі жұмыс істеуде. Олардың басын қосқан ортақ мақсат — жастарға отанды сүюді, құндылықтарды құрметтеуді үйрету. Аналар кеңесі 2025 жылы бірнеше бағытта жүйелі жұмыс атқарды. «Салауатты сана» жобасы аясында жасөспірімдер тәрбиесі, отбасы мәдениеті және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында шаралар өтті. «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы бойынша этностар арасындағы өзара сыйластық, ұлттық тәрбиені дамыту, отбасылық үлгілерді дәріптеу жұмыстары жүзеге асырылды.  Отбасылық құндылықтарды, ұлттық дәстүрлерді сақтауға, нығайтуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жалпыұлттық жобасы да бар. Қазір осы жоба өңірлерде төрт бағыт бойынша сәтті іске асырылып келеді. «Тұлға тәрбиелеген отбасы», «Бақытты ана – бақытты отбасы», «Тұғырлы отбасы – бақытты балалық шақтың бастауы», «Жақсылыққа жетелейтін жандар» деп ат қойылып, айдар тағылған бастамалардың қалай іске асып жатқанына тоқталды.

Келесі сөз Белбұлақ ауылдық округі Аналар кеңесінің төрағасы  Динара Қабылбекқызы Кайдауловаға  берілді. «Белбұлақ ауылдық округінің төрайымы ретінде Талғар ауданының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кенесімен бірлесе отырып, «Мәдениетті ана -мәдениетті ұлт» және «Салауатты сана» республикалық жобалары аясында ел болашағы өскелең ұрпақтың санасына сәуле сеуіп, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған  игі істерді атқарып келеміз. Берекесі мен бірлігі жарасқан Белбұлақ ауылдық округіне қарасты бес мектепте – біз атқарып отырған бастамаларымызды негізгі бөлігі жүзеге асырылуда. Жасөспірімдердің жан дүниесін байыту мен ата-аналардың жауапкершілігін арттыру жолында атқарылып отыр.

  1. «Адал азамат біртұтас тәрбие» жобасы бойынша ұлттық құндылықтар мен рухани тәрбиеге арналган семинарлар откізіледі Бұл шаралардын барлығы — жас буынның жүрегіне адалдық ұрығын себуді, азаматтық ұстанымын калыптастыруды көздейді.
  2. «Салауатты сана» Жоба шеңберінде отбасындағы тыныштық пен

қоғамдағы татулықты сактау басты назарда: тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған ата-аналар жиналыстары, жасөспірімдерді әлеуметтік кеселдерден сақтандыруға арналган әнгімелер, тренингтер ұйымдастырылды.  Бул жұмыс — ұрпақтың сана-сезімін дұрыс бағыттап, өмірлік ұстанымдарын нығайтуга бағытталған әділ кадам.

  1. «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы. Ана — мәдениеттің бастауы, ұлт тәрбиесінің темірқазығы. Осы ұстанымды негізге ала отырып, округімізде бірқатар тағылымды шаралар откізілді:«Ак жаулығым — абыройым», «Тұғырлы отбасы — бақытты балалық шақтың бастауы», «Ізгілік пен мейірім жолында», «Бір шаңырақ астында» атты рухани мазмұнды кездесулер, жайдарлы жиындар ұйымдастырылып, жас буын мейірім мен адамдықтың мәнін ұғынды.

Ауылымыздың тірегі, ақылдың қайнары — Ақсақалдар алқасымен бірлесе отырып, «Әке — асқар тау» атты тағылымды іс-шара өткізілді. Бұл жиын әке беделін биіктетіп, отбасындагы ер азаматтың рөлін айшықтай түсті» деп Динара Қабылбекқызы ауылдық огругте атқарылып жатқан жұмыстар барысына тоқталды.

Марапат жауған күн

«Аналар кеңесінің аудандық және этномәдени бірлестіктер жанындағы белсенді мүшелері жыл бойы қоғамдағы татулық пен отбасылық құндылықтарды нығайтуға еңбек сіңіріп келеді. Сіздердің аудан дамуына қосып жүрген үлестеріңіз ерекше құрметке лайық. Баршаңызға қоғам өміріне белсенді араласып, татулық пен бірлікті нығайтуға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз!»,–деген Талғар ауданы әкімінің орынбасары Айбек Бидаев ауданның қоғамдық өміріне белсенді үлес қосқан Аналар кеңесінің мүшелерін марапатталды. Сонымен қатар,  «2025 – Жұмысшы мамандықтар»  жылы аясында адал еңбегімен өңірдің дамуына үлес қосып жүрген отбасыларға да құрмет көрсетілді. Бұл жиын аналардың қоғамдағы маңызын, отбасының тұрақтылық пен бірлікті сақтаудағы рөлін тағы бір мәрте айқындады.

Аналар кеңесі бүгінде ұлттық құн­дылықтарымызды жаңғыртып, жас ұрпаққа тәрбие беретін өзіндік мектепке айналған. Жаһандану дәуі­рінде жастар сыртқы әлемді тану­ға ұмтылатындықтан басқа мә­дениеттердің ерекшеліктерін жақсы түсінеді. Сондықтан олар аналар кеңесінің мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының жас ұрпаққа біздің ұлттық құндылықтарымыздың, әдемі де тәрбиелік мәні зор дәстүрлеріміздің мәнін түсіндіретін жобаларына қуана қатысуда.

Бала тәрбиесі жауапты іс

«Татулықтың тірегі – Ана» тақырыбында өткен жиында сөз алған Алматы облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Гүлнар Сағатқызы Жошыбаева Талғар ауданы Аналар кеңесінің жұмысына сәттілік тіледі. Қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайту және отбасылық, рухани тәрбие мәселелері сөз болған отырыс барысында Талғар аудандық Аналар кеңесінің жыл бойы атқарған жұмыстары жайлы мағлұматқа қаныққан Гүлнар Жошыбаева қатысушыларды қоғамда отбасылық құндылықтардың, отбасы институтының маңыздылығын, әйел мен ананың, болашақ ұрпақты рухани-адамгершілік пен патриоттық тәрбие берудегі ата-аналардың рөлін арттыру мақсатындағы «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» республикалық жобасының жүзеге асып жатқандығын айтып, алғысын білдірді.

«Бүгінгі жиын барысында Аналар кеңесінің бір жылдық жұмысының нақты нәтижелерін көріп, тәжірибе алмасып, алдағы жоспарларды айқындадық. Әрқайсыларыңыз  ауызбіршілік пен тәрбиелік бастамаларды дамытуға үлес қосып отырсыздар. Қоғамдағы тұрақтылық – әр отбасының тыныштығынан басталады. Сондықтан сіздердің жасаған еңбектеріңіз – бүкіл ауданның игілігі. Алдағы уақытта да бір мақсатқа ұйысқан ортақ жұмысты жалғастырып, өзара қолдауды күшейте береміз деп сенемін»,  – деп Айбек Дүйсембекұлы жиынды қорытындылады.

Аналар кеңесі жас ұрпаққа тағылымды тәрбие беретін, олардың бойына ұлттық құндылықтар мен ежелден келе жатқан салт-дәстүрімізді тереңінен сіңіретін өзіндік мектепке айналды. Өйткені Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі – оның заңды құрылымдарының бірі. Аналар кеңесінің басты мақсатының бірі – қоғамдық келісімді нығайту және отбасындағы құндылықтарды насихаттау. Біз көпэтносты мемлекетте өмір сүретіндіктен жастарды басқа тілдерді құрметтеуге, өркениетті елдің талаптарын орындауға тәрбиелеуге тиіспіз. Аналар кеңесі осы мақсатта әлеуметтік мекемелермен, оқу орындарымен, балалар мекемелерімен, бастамашыл орталықтармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Сондай-ақ елімізде жүргізіліп жатқан отбасылық-демографиялық саясатқа қолдау көрсете отырып, отбасы институтын сақтау мен оларды нығайтуға ықпал ету, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге белсене атсалысып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға үлес қосу да аталған кеңестің басты бағыттарының бірі болып табылады.

Г.Тұрсынқожа