Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 11-07 шешімі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы
1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабының 2 тармағы
2) тармақшасына, «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушысының 2013 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес, Талғар ауданы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс отырысының 2025 жылғы 18 қарашасындағы № 2 хаттамасы негізінде, Талғар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Талғар ауданы, Панфилов ауылдық округі, Қарабұлақ ауылы, Абай көшесі №2 көппәтерлі тұрғын үйде орын алған өртке байланысты объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
- Объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға басшысы болып Талғар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары
А.Ж. Аскербеков тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын. - Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Талғар ауданының әкімі Т.Е. Айдарбеков






