АСТАНА — ҰЛЫ ДАЛА ЕЛОРДАСЫ
Жас мемлекетіміздің жасампаздыққа ұмтылысының символына айналған құбылыс – елордамыз Астанамыздың бой көтеруі десем менімен келіспес жан қалмас. Ғасырлар бойғы бабалар арманын іске асырып, бас-аяғы төрт-бес жылда астана салған мемлекет тарихта болған емес. Бұл да болса айрандай ұйыған ауызбіршілікті, тұрақтылық пен тиянақтылықты сүйетін қара қазағымның арқасы.
Ал биыл Арқаның төрінде сылдырап аққан ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамызға 20 жыл толып жатыр. Еліміздің жүрегі іспеттес шаһардың «туған күніне» арналған іс-шаралар легі бүгінде басталып та кетті. Бұл түсінікті де, өйткені Астана күні əлдеқашан жалпыұлттық мерекеге айналған. Ауданымызда да атаулы датаға орай ұйым дастырылған алғашқы мере келік жиын Нұра округіне қарасты №12 орта мектепте өрбіді. Аталмыш округтегі Мəдениет үйінің директоры С.Даривхан мен мектеп мұғалімі С.Үмбеталиеваның ұйытқы болуымен өткен шара «Астанам – мақтанышым» деп аталды. Қазақстанның мемлекеттік Гимнімен ашылып, басқосудың мəн-маңызы айтылған соң бас қаланың басты ерекшеліктері айшықталды. Астана сөзінің шығу төркініне шолу жасалып, тарих беттеріне саяхаттап қайтқан бала лар Отан, туған жер жайлы танымтүсі ніктерін кеңейте түсті. Астананың осы күнге дейінгі айшықталған бетбейнесі бедер ленген слайдтар мен көрнекі құралдар шараның маңызын арттырып, шырайын кіргізді. Астана тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Сондықтан да болар «Отан», «Қазақстан», «Туған жер» сынды топқа бөлінген оқушылар жалпы қазақ елі жайлы қойылған сұрақтарға жауап беріп, тарихтан кең мағлұматқа қаныққандарын танытты. Астананың құрылу сəті мен өсіпөркендеуін, бой көтерген басты ғимараттар мен жиырма жылда жеткен жетістіктерін зерделеген балалардың білімдеріне қуанбасқа шараң қалмайды. Шын жүректеншыққан Отанына, туған еліне деген сүйіспеншіліктерін, махаббаттарын кір шалмаса екен деп тіледік. Əр топ патриоттық өлеңдерін оқып, ел, жер жайлы мақалмəтелдердің жалғасын тауып, суреттерден əдемі əңгімелер құрастырды. Тілдері жатық, ой-қиялы шексіз дерсің. Баянды болашақтан үмітті балаң жүрек тер ден шыққан əңгілемелерден жақсы лық пен ізгілік аңқып тұрды. Еліне, Елба сына деген құрмет сезімін арттырып, ел жан ды азамат болуға тəрбиелеуді негізге алған ұйымдастырушылардың өздері де əн мен жырдан шашу шашып, Қазақстанның болашақтары үшін құрмет көрсетті. Білген, пайымдаған мағлұматтарын түйіндеген балалар жылдан жылға сəніне сəн, сəулетіне сəулет қосып келе жатқан Астанамыздың бейбітшіліктің мызғымас ордасына айналуына тілектестігін білдіріп тарасты.
Меруерт ДҮЙСЕНҒАЛИЕВА
«Талғар-ақпарат»