Биыл екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл.
80 жыл… Бүтін бір ғұмыр, бүтін бір дәуір артта қалса да, Ұлы Отан соғысының кермек дәмін татқан, ауыр зардабын жүрегімен көтерген, бейбіт өмір үшін еңбек еткен тыл ардагері анамыз Рғынбайқызы Нұрғалишаның еңбегі мен өмір жолдарынан сыр шертпекпін.
Тарих үшін бір сәттілік мезет болса, адамзаттың жүрегіндегі жара қара қотырланып әлі де жазылған жоқ. Өйткені сол жылдары әрбір шаңырақтың үкілі үміті үзілді, әрбір ананың жүрегі езіліп, көз жастары көл болды. Бала жетім, ана жесір қалып, қаншама боздақ жер жастанып, туған жерден бір уыс топырақ бұйырмай, атаусыз, белгісіз жерде, майдан даласында көмусіз қалды.
Бұл қасірет біздің шаңырақты да айналып өтпепті. Аяулы анам соғыс басталар алдында 18 жасындаЖаңбыршыұлы Құсайынға тұрмысқа шыққан екен. 1940 жылы әскерге шығарып салғанда, аяғы ауырболып, 1941 жылдың көктемінде Тілектес дегенбауырымыз дүниеге келген. Ары қарай соғысбасталып кетіп аяулы жары қан майданнан бірақшығады. Соғыстан ара-тұра хат келіп тұрған, сосын хат та, қара қағаз да келмеген. Бір хатынанүзінді:
Майданнан хат
Мен жүрмін Стерлитамак қаласында,
Зеңбірек, атылған оқ жан-жағымда.
Жанымда бір досым бар Бекен деген,
Ерте тұрып, бел шешпей бекемдеген.
Ұлсүйер, Қақан атты қарындасым,
Сендердің ұзақ болсын өмір жасың.
Ата мен апамдарға қарарсыңдар,
Бармасам, құдай алды ықыласым….
Өкінішке орай бұл хаттарды жоғалтып алдық. Есімде осы жолдар ғана сақталып қалыпты.
Иә, қиындыққа толы анамыздың өмірі соғыстыңсалған жарасындай терең еді. Жастық шағының еңжарқын күндері соғыс өртіне жұтылды. Жары- үмітінің жалғыз шырағы майдан даласынан қайтып оралмады. Өмірін жалғастырар дегенжалғыз тұяғы Құсайынұлы Тілектес бауырымызшешек ауыруынан 5 жасында шетінеп кетеді. Сол күннен бастап анамның жүрегінде өзегін өртегенсағыныш оты тұтанып, жан дүниесі шексіз мұңғабатады. Көкірегін кернеген үміт бір ғана ұлындақалған еді. «Жалғызым аман болса екен» деген тілегімен жүргенде тағдыр бұл жұбанышын да көпсінгендей бүкіл бір үйдің шаңырағын күл-талқан етіп, ошағының отын осылай сөндіргенекен. Анам байқұс тағдыр тауқыметін қанша тартсада еш үмітін үзбей, сынбай, қаншама жыл жолынтосып, бір жапырақ тілдей хатын, жазған өлеңдерін оқып, күңірене күрсінсе де көкірегіншер, көңілін мұң басса да ел үшін еңбек етті. Тылдағы әрбір күні-Отанға, бейбіт болашаққа арналған еңбек майданына айналды, тек еңбекпенен еңсесін тіктеді. Көз жасын ішіне жұтып, жүрегінің ауыр жүгін үнсіз көтере жан жарасын жұмысқа деген адал ниетпен емдегендей болды. Бүкіл өмірі-үнсіз күрес, үнсіз төзім, бітпессағыныш пен баянсыз үміт еді. Анамның тағдыры— қайсарлықтың, төзімділіктің һәм ерен еңбектіңшынайы үлгісі болып қалды. Алайда бұл қасірет, бүкіл халықтың басына туған қиын қыстау кезеңеді. Жарғақ құлақтары жастыққа тимей, күн-түндемей, майданға азық-түлік пен жылы шұлықтоқып, «жеңіс үшін» деп жіберіп отырған. Бұлоқиға бүгінде сабырмен айтылғанымен, сол бір ажал отын шашқан қан майдан жылдарындақорқынышпен еске алатын. Соғыс кезінде тыл еңбеккерлерінің еңбегі орасан зор болды. Майдан мен тылдың бірдей қимыл-әрекеті, толассыз еңбегіҰлы Жеңісті жақындатты. Сол кездерде соғысөртінің шарпуы тимеген шаңырақ болмады. Майдан мен тыл деген атауы ғана өзгеше еді. Бірі — қолына мылтық ұстап соғыста, екіншісі— мылтықсыз майданда еңбек етті. Екеуі де жанкештікүрес болатын. Мен соғыс біткеннен кейін 12 жылдан кейін келген ұрпақ болғандықтан, ызғарымен зардабын сезініп өстік. Анашымның өксіккетолы өмір жолында қанша қиналса да ерінбейеңбек еткен тыл ардагері, бірнеше Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30,40, 50 жыл мерейтойлықмедальмен марапатталған. Еліне елеулі, халқына қалаулы болған анамыздың сол бір еңбек жолын немере, шөберелеріне айтып, сағынышпен еске алып отырамыз. Ана тілегі «Тек бүгінгі ұрпақ мен көрген соғысты көрмесін, мылтықтың дауысын естімесін, боздаған аналарды, жетімдік пен жесірлікті көрмесін. Сендер бейбіт аспан астындаеркін өссеңдер екен. Ең үлкен жеңіс — соғыстыңболмауы»,-деп тілейтін. Анамның тағдыры — бүгінгі тыныш өмірдің қаншалықты қымбатекенін еске салатын үнсіз дастан. Өмірінің соңынадейін, көкрегінде өшпес сағыныш пен шексіз төзімқалды, ал артында қалған аманаты — бейбіт өміргедеген ұлы сенім. Сол аналарымыз көрген қайғықасіреті болмасын, қолдағы барды бағалай білейік. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымызды бұлтторламасын, көк туымыз көгімізде мәңгі желбіресін! Жастарымыздың келешегі кемел, болашағы жарқын болсын!
—
Аслан Рғынбаева
зейнеткер.