ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ

ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ

Білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті жаңашыл мұғалім болу – дамудың негізгі тетігі. Білім саласындағы  бүгінгі

өзгеріс осыны талап етуде. Бұл жолда Талғар ұстаздары  «Адам бір жылын ойласа – дән себеді, бар ғұмырын ойласа

– ағаш отырғызады, ал ғасырлық болашағын ойласа – ұрпақ тәрбиелейді» деген халық даналығын ескере жүретін тұлға-

лар. Осындай ұстаз деген ұлағатты есімге лайық жанның бірі – Т.Рысқұлов атындағы №16  ЖББМ мектептің мұғалімі

Даря Ерболатқызы.

Білімді, бәсекеге қабілетті, жаңашылдыққа, заман талабына бейім ұрпақты дайындайтын мұғалім екенін үнемі жадында ұстап жүретін Даря жуырда Алматы облысы білім саласының тамыз  кеңесіне  қатысып  қайтты.  «Digital

Kazakhstan: заманауи білім беру» тақырыбында өткен  жиын білім жүйесіне енген реформаларды, іс­-тәжірибелерді, жаңартылған білім мазмұнын талқылауға арналды. Даря Ерболатқызы кеңестің панельдік сессиясында «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде цифрлы ресурстардың тиімділігі» тақырыбында әріптестеріне өз тәжірибесін ұсынды. Пәндегі теориялық білімді цифрлық сауат­ тылықпен ұштастыра білу – қазіргі мұғалімнің басты құзыреттілігі екенін дәлелдеп берді. Нәтиже­

сінде Даря Ерболатқызының жұмысы үздік деп та­нылып, ұйымдастырушылар тарапынан «Алғыс

хатқа» ие болды.

– Қиындығы мен қызығы қатар жүретін, жауап­кершілігі орасан зор мамандықтың иесі болғаны­мды әркез мақтан тұтамын. Еліміздегі білімді жастардың дамуына тамшыдай болса да өз үлесімді қосып жатырмын деп ойлаймын. Біліммен қатар

жас ұрпақ бойына рухани байлықты, ұлттық сана­-сезімді де егуге тырысамын, ­–  үздік ұстаз Даря

Ерболатқызы