Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, «Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде арнайлы әлеуметтік көмек көрсету» бөлімшесі жұмыс істеуде. Бүгінгі күнде Талғар ауданында 19 әлеуметтік қызметкер 90 мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеуде, 21 қала балалары, 69 селолық округтердің балалары.
Қазақстан Республикасы Премьер –Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 бұйрығымен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес, психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек –қимыл аппараты бұзылған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар мен қатар жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің, оның ішінде жүріп-тұру функциялары өрескел бұзылуы салдарынан (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз өз өзіне қызмет көрсете алмайтын) жеке күтімді қажет ететін он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға үй жағдайында арнаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Оңалтудың жеке бағдарламасында «Күндізгі болу орталықтарына бару» іс-шарасы көрсетілген қызмет алушылар бөлімшеге келіп өтініш жазу арқылы толық құжаттарын жинаған кезде, Талғар ауданы аумағындағы орналасқан оңалту орталықтарына жолдама беру жұмыстары да бөлімше қызметіне кіреді.
Сонымен қатар бөлімшеде тіркеуде тұрған (үйден қызмет алатын) балаларға әрбір мереке сайын іс-шара ұйымдастырылып, Жаупкершілігі шектеулі серіктестік басшылары, жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар демеушілігімен сыйлықтар таратылады.
Тері мен шаштың жұқпалы аурулары және венеролоогиялық аурулары бар тұлғаларға үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілмейді. Бөлімшеге қабылдау құжаттары:
1) Ата-анасының (қорғаншы қамқоршысының) өтініші
2.Баланың туу туралы куәлігі;
3) Баланың мүгедектік туралы анықтамасы;
4) ЖОБ (ИПР) – Жеке оңалту бағдарламасы;
5) медициналық карта
Мекен-жайымыз: Талғар қаласы, Қонаев көшесі 97/1 .
Байланыс телефоны: 2-54-18.
С.Алпысбаева,
Мүмкіндігі шектеулі балаларға
үйден көмек көрсету бөлімшенің
меңгерушісі