Жуырда Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылындағы «Ақ бұлақ» шипажайында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында сөз етілген бəсекелестікке қарсы тұру, прагматизм жəне сананың ашық болуы ұстанымдарын дəріптеу мақсатында, кəсіпкерлік, қаржылық сауаттылықты жоғарылату, жобалық менеджмент жəне бизнесинновациялар саласында жастар үшін Enactus Kazakhstan Winter Camp 2018 аясында кездесу өтті.
Жиынға Enactus клубының мүшелері, БАҚ өкілдері, жастар қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, белсенді блогерлері қатысты.
Шара барысында философия жəне əлеуметтіксаясат тəртіптерінің оқытушысы, философия ғылымының докторы, ҚР Президент жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшесі Альбина Ержанова жалпы Enactus Kazakhstan бағдарламасы туралы түсіндіріп, олардың көптеген жетістіктері, жобалары жəне алдағы уақытқа қойған мақсаттары туралы айтып өтті.
Жиында сөз алған Enactus бағдарламасымен жұмыс жасап жатқан студенттердің пікірінше – бұл бағдарлама оқу орындарының студенттерін өз қоғамдастықтарын жақсартуды көздейтін жұмысқа тартатын халықаралық коммерциялық емес ұйым. Ол жерде студенттер əлеуметтік жауапты бизнес көшбасшылары болуға дағдыланады.
Қазіргі таңда Enactus топтары өз идеялары мен жобаларын дамыта отырып, сапалы өмір сүру деңгейін жоғарылату бағытында жұмыс жасап келеді.
Əрбір топ өз бағыттарында, қалаған мерзімдерінде қалаған жоба санын таңдап, жүзеге асырып отыр.
Айта кетейік, Enactus – əлемнің дамыған 39 елдерінің ішіндегі, үлкен халықаралық бейкоммерциялық ұйым. Университеттердің, студенттердің, бизнес-лидерлерінің ұйымы болып табылады.
Шараның мақсаты – жастарды еліміздің əлеуметтік-экономикалық өміріне тарту. Студенттерді, кəсіпкер жастарды, оқытушыпрофессорлық құрамды біріктіріп Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін, сапасын арттыруды көздейтін жобаларды іске асыру. Студенттердің ЖОО-да алған теориялық білімдерін практика жүзінде қолдануды, студенттер кəсіптік дағдыларын, көшбасшылық сапаларын қалыптастырып жəне өз ісіне жауапкершілікпен қарап, бизнес этикасының негіздерін меңгеруді ұйымдастыру.