Баршаңызды келе жатқан Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміз үшін парасат пен пайымға толы тағы бір жыл ХХІ ғасыр қойнауына енгелі тұр. Бірлік пен бейбітшілік, ырыс пен бақ-береке сыйлаған Қоян жылымен қоштасып, санаулы күндерден кейін жаңа Ұлу жылымен қауышамыз. Жаңа жыл – жаңа бастамалар, жаңа мақсаттар бастау
алатын, ертеңгі күнге үлкен үмітпен, сеніммен қадам басатын уақыт.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Жолдауы мен мемлекеттік бағдарламарын тиімді іске асырудың нәтижесінде
ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы артуда. 2023 жыл нәтижелі жетістіктерге, маңызды шараларға толы болды.
Ауданның әлеуметтік саласында, абаттандыру және жолдарды жөндеу бойынша бірқатар
жұмыстар жасалды.
Алдағы уақытта да тұрғындар өмірінің сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар өз жалғасын таба беретін болады. Ол үшін бізге тек қана ауызбіршілік пен тұрақтылық керек деп есептеймін.
Өңіріміздің әрбір жеткен жетістіктері мен тындырымды істерінде әрқайсыңыздың жеке
үлестеріңіз бар. Сондықтан баршаңызға жасампаз еңбектеріңіз бен елге деген жанашыр ниеттеріңіз үшін шексіз ризашылығымды білдіремін.
Қоян жылы барлығымыз үшін айрықша маңызды, жағымды жаңалықтар мен жақсылыққа толы болды. Өткен жылға өкпе жоқ. Ал алдағы жылға артылар үміт пен сенімді бастамаларымыз бар.
Ардақты ағайын!
Келер жыл өмірімізді мәнді оқиғаларға, татулық пен жасампаздыққа толтырсын.
Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша азаматтарға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілеймін.
Жаңа жыл үлкен үміт, шаттық пен қуаныштың жылы болсын.
Әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, молшылық пен ізгілік, денсаулық
пен бақыт әкелсін.
Елiмiз тыныш, ынтымағымыз мәңгi, болашағымыз баянды болсын.
Жаңа жыл құтты болсын, ағайын!
Талғар ауданының әкімі Т. Айдарбеков