Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Алматы облысының орталығында көппәтерлі үй қолданысқа берілді.
Жаңа қоныс иелерінің қуанышын қала әкімі Ержан Жасыбаев бөлісіп, бюджеттік сала қызметкерлері атынан «Шаңырақ» бағдарламасының қатысушыларына жаңа тұрғын үйдің кілттерін салтанатты түрде табыс етті. Көп балалы отбасылар да пәтер алды.
«Барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймын. Мұндай күні біз қымбат пәтерлердің кілттерін алдық. Осындай қолжетімді мемлекеттік бағдарламалардың арқасында баспана алу мүмкіндігі үшін алғыс айтқым келеді», — дейді су жаңа баспана иесі Арнұр Серікұлы.
Айта кетейік, үй Талдықорғандағы жаңа аудандарының бірі — «Болашақ» ықшам ауданында орналасқан.