«Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығы — жаңа дәуірдегі қазақстандықтардың негізгі бағдары. Елбасымыз айтқан жеті тұғырды еліміздің әрбір азаматы білуі керек. Біліп қана қоймай, болашақ ұрпақтың бойына сіңіру маңызды деп ойлаймын.
Ата-бабамыз аманаттаған тәуелсіздікті тұғырлы ету – міндетіміз. Кемел келешектің кілті үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуде. Білім енді ол кез келген уақытта өзекті болып қала бермек. Себебі, Мұхтар Әуезов атамыздың өзі айтқан ғой, «адам мен адамды теңестіретін білім» деп. Сондықтан жастарымыз білім алуға, терең ақпаратты игеруге тырысып, дамыған елдердің қатарына қосылауға ыждаһатты болуы қажет.
Мұны менің замандастарым жақсы түсінеді. Өйткені біз егемен елде өмірге келдік, сапалы білім алдық. Елбасымыздың қағидаты жастарға тың серпін беріп, жастарымыздың білім алуға құштарлықтары арттырады.
Елбасының үндеуі барымызды бағалап, «тәуелсіздік» деген киелі ұғымды сақтап қалуымызға жол нұсқайды. Елдіктің жеті тұғырын сақтау – бізге берілген аманат екендігін жан жүрегіммен сезінемін. Бұл «жеті тұғырда» айтылған Тәуелсіздік, жер, отбасы мен салт-дәстүр және тіл мәселелерін жетік білетін білімді ұрпақ тәрбиелеуге сеп. Біздің ұлттық рухымыз, ұлттық сана–сезіміміз бен қазақстандықтардың ұлттық мәдениетінің түп тамыры саналатын қоғамның рухани негіздерін сақтау — Ұлт Көшбасшысы сөздерінің бірінші дәрежедегі маңыздылығына ие. Осы тұғырнаманың нәтижесінде біздің руханият пен менталитетімізді қалыптастыратын алғышарттар анықталады.
Әлия Шағанаева,
№9 мектептің мұғалімі