Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» акциясы аясында Нұра ауылдық округі әкімдігінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Гүлназ Кеңесбаеваның ұйымдастыруымен Нұра ауылдық Мәдениет Үйінде баскетбол ойыны өткізілді.
Ойынға Өстемір ауылының командасы, Туғанбай ауылы мен Нұра ауылының баскетбол командалары қатысты. Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі ретінде өзім арнайы барып, Нұра ауылдық Мәдениет үйінің директоры Семейхан Даривханмен бірге «Үздік ойыншы» номинациясының иегері №14 орта мектеп жас маманы Есмағамбетов Саматқа сыйлығын табыс еттік.
Сонымен қатар, баскетбол ойынының қорытындысы бойынша жүлделі I орынды Нұра ауылының №12 мектептің командасы алса, IІ орынды Туғанбай ауылының №30 мектептің командасы, IІІ орынды Өстемір ауылының №14 мектептің командасы иеленді.
Барлық командаларға «Дипломдар», «Алғыс хаттар» мен сыйлықтар табыс етілді.
Замира Нұрланқызы,
Талғар аудандық жастар ресурстық
орталығының жетекшісі